Accessibility links

Алматыда сот "Ұлжан ісі" бойынша айыпталған адамды түрме жазасына кесті


Алматыда "Ұлжан ісі" деп аталып кеткен қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы аяқталып, айыпталушы Дінмұхамед Құдайбергенов 8 жыл бір айға сотталды. Сот оны "өмірге қауіп төндіріп, зорлық-зомбылық жасады", "жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады", "зорлық-зомбылық жолмен ұрлық жасады" деп тапты.

Үкімге сай, Құдайбергенов жәбірленушіге алты млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Былтыр қарашада Ұлжан есімді алматылық зорлау фактісі туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, тамызда қаладағы бардың күзетшісі шығарып салмақ болып, кейін подъезде пышақпен қорқытып, зорлап, соның бәрін видеоға түсірген. Ал ер адам полицияға барлығы екіжақты келісіммен болды деген.

Ұлжан полиция әрекет етпеді, керісінше маған қысым жасады деп мәлімдеген. Ол арызы 12 сағат бойы қаралмағанын, іс созылып кеткенін айтқан. Үш айдан соң, қарашада, полиция күдікті қамалғанын хабарлады. Ал қаңтарда жәбірленушінің қорғаушысы айыптау актісі толтырылып, іс сотқа берілгенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG